foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Республикалық «Казахстанская правда» газетінде Асет Сыздықовтың «Ботай — тартылыс мекені» атты мақаласы жарық көрді.  

Мақала энеолит дәуірінің бірегей ескерткіші — Ботай қонысына арналған. Бұл ескерткіш Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының рухани символына айналған маңызды археологиялық нысан болып табылады.
Авторға Ботай мәдениетіне және оның ғылыми зерттелуіне назар аударғаны үшін алғыс айтамыз.

Мақаланы «Казахстанская правда» газетінің сайтынан оқи аласыздар.

https://kazpravda.kz/n/botay-mesto-prityazheniya/ 

«Виртуалды Ботай: Жасанды интеллект көмегімен цифрлық музей құру»

«Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы адамдардың, әсіресе жастардың, ойлау жүйесі мен мінез-құлқына әсер етіп жатыр. Бұл – бүкіл адамзат өмірін түбегейлі өзгертетін үдеріс».
                                                                  Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаев

Толығырақ...

«Ботай — Дала өркениетінің бастауы»

Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжінің студенттері кәсіби практика барысында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми-зерттеу бөлімі және ғылыми-қор жұмысы мен экскурсиялық қызмет көрсету бөлімімен бірлесе отырып, музей экспозициясында ұсынылған артефактілермен танысты.
Практикалық жұмыс аясында студенттер археолог және зерттеуші В.Ф. Зайберт туралы бейнематериалдарды тамашалап, мәдени және тарихи мұраны көрсететін экспонаттарды зерделеді. Сонымен қатар, тест тапсырмаларын орындап, «Ботай — Ұлы Даланың мәдениеті» тақырыбындағы викторинаға қатысты.

Толығырақ...

«Тарихи мұраның тереңінде»

Далалық өркениеттің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттау мақсатында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми-зерттеу бөлімі мен ғылыми-қор жұмысы және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі Саумалкөл ауылының Агротехникалық колледжімен бірлесе отырып, өндірістік практика аясында бірқатар іс-шараларды жоспарлап, іске асыруда. Музей-қорыққа келгеннен кейін Агротехникалық колледжінің студенттері кәсіби практика шеңберінде өз тәжірибесінің мақсатына сәйкес жұмыстарын бастады. Практиканың мақсаты – Ботай мәдениетінің археологиялық мұрасымен танысу, сондай-ақ тәжірибелік білім мен дағдылар алу болды. Студенттерге Ботай мәдениетіне арналған кітаптар, дәрістер және басқа да материалдар таратылды.

Толығырақ...

Бүгін Ботай музей-қорығы мен СҚО тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

 Келісімнің негізгі мақсаты – өңіріміздің бай тарихи-мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және кеңінен насихаттау бағытындағы күш-жігерді біріктіру. Тараптар мынадай бағыттарда бірлесіп жұмыс атқаруға уағдаласты:
ғылыми зерттеулер мен археологиялық экспедициялар жүргізу;
білім беру және ағартушылық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
көрмелер, дәрістер мен іс-шаралар арқылы мәдени мұраны насихаттау;
ескерткіштерді қорғау саласында тәжірибе және ақпарат алмасу.
Бұл меморандумға қол қою – бірегей мұрамызды сақтап, келер ұрпаққа жеткізудің маңызды қадамы.

 

https://fb.watch/CumaYA_Bwf/

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"