foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Ботай мәдениетінің артефактыларына трасологиялық зерттеу жұмыстары

27 қыркүйек күні Түркістан қаласында өткен «XII Болгар халықаралық археологиялық мектебі» аясында «Ботай» музей-қорығының ғылыми-зерттеу бөлімі Ресей ғылым академиясы ММТИ  аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Наталья Николаевна Скакунмен бірлесіп ботай мәдениетінің жәдігерлеріне  трасологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.

 Зерттеу барысында сүйектердің қолдану іздері қарастырылып, олардың жасалу және қолданылу ерекшеліктері нақтыланды. Әсіресе микросызаттар мен тозу іздеріне талдау жасалып, өзге археологиялық кешендердегі ұқсас материалдармен салыстыру жүргізілді.

Толығырақ...

Құрметті достар! ✨

Сіздерді «Ботай» музей-қорығына шақырамыз!

? Қазан айы – сүйек жәдігерлерінің айы

? Арнайы тақырып: «Көне сүйектің үні»

Ежелгі ботайлықтардың құпиялары мен жаңалықтары туралы көбірек білгіңіз келсе – бізге келіңіз!

? Мыңдаған жылдар тарихын сақтаған көне сүйек бұйымдары

? Құнды экспонаттар мен таңғажайып деректер

? Ғылыми жаңалықтар мен археологиялық сырлар

 

Барлығы сізді Ботай музей-қорығында күтеді!

«Ботай – Ұлы Дала Мәдениеті»

Бүгін, 2025 жылдың 30 қыркүйек күні, Айыртау ауданының Саумалкөл ауылы №1 Саумалкөл орта мектебінде Айыртау ауданының білім бөлімінің қолдауымен «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Айыртау ауданының мектеп оқушылары арасында «Ботай – Ұлы Дала Мәдениеті» атты викторина өткізді. Викторинаға 9–10 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара Ботай мәдениетінің негізін қалаушы, археолог-ғалым Виктор Федорович Зайберттің туған күніне орай, оны еске алу мақсатында ұйымдастырылды.

Толығырақ...

«XII Болгар халықаралық археологиялық мектебі»

2025 жылғы Қыркүйек айының 18-27 күндері Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «XII Болгар халықаралық археологиялық мектебі» жұмысы ұйымдастырылды.

Бұл шараны Орта Азия зерттеулер Халықаралық институты, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Татарстан Республикасының Ғылым академиясы және А.Х. Халиков атындағы Археология институты бірлесе ұйымдастырған.

Археологиялық мектеп жұмысына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қытай елдерінен 36 үміткер қатысты. Мектептің негізгі мақсаттары:

археологиялық нысандарды зерттеу және құжаттандыру;

ежелгі еңбек құралдары мен материалдарын зерттеуде эксперименттік-трассологиялық әдістерді қолдану;

қатысушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын жетілдіру.

Мектеп барысында «ЮНЕСКО-ның археологиялық нысандарын құжаттандыру» және «Ежелгі еңбек құралдарын зерттеуде эксперименттік-трассологиялық әдістердің негізгі принциптері» атты секцияларда белсенді жұмыс жүргізілді. Әр секцияда қатысушылар теориялық білімдерін тәжірибелік зерттеулермен толықтырды.

Толығырақ...

Ұлы ғалымды еске алу

 Бүгін біз есімі Қазақстан археологиясының тарихымен мәңгі байланысты көрнекті ғалым Виктор Федорович Зайбертті еске аламыз.

Ол бүкіл өмірін ежелгі дәуірді зерттеуге арнап, әлемге Ботай мәдениетінің бірегей ескерткішін ашты. Оның ашылуының арқасында адамзат Ботай мәдениеті және адамның жылқыны қолға үйретудегі алғашқы қадамдары туралы білді.

Оның ғылыми еңбектері Қазақстанның игілігіне ғана емес, тарихқа қосқан әлемдік үлесіне айналды.

Толығырақ...

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"