foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Сарапшы көзқарасы»

Құрметті достар!

«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Сарапшы көзқарасы» кездесулер циклін биыл да  жалғастыруда!

23 қыркүйек күні  «Ботай» музей – қорығының ғылыми қызметкері Макеев Марат Сайлауұлы  А. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері, зооархеология зертханасының меңгерушісі, PhD докторанты  Шагирбаев Мамбет Сапарбекұлымен сұхбат жүргізеді.

Тақырыбы:  «Ботай мәдениеті: Жылқыны қолға үйретудің алғашқы орталығы және зооархеологиялық зерттеулердің дамуы»

"Тарих пен еңбек тоғысында"

2025 жылдың 18 қыркүйегінде Ақан сері атындағы Айыртау аудандық Мәдениет үйінде "Ботай" музей-қорығы жұмысшы кәсіптер жылы аясында Еңбек күніне арналған "Тарих пен еңбек тоғысында" көрмесін ұйымдастырды.

Іс – шараның негізгі мақсаты-жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және дәріптеу, сондай-ақ еңбек пен еңбек адамдарына деген құрметті қалыптастыру.

Толығырақ...

“Ботай” музей-қорығы «E-museum» жобасында...

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ұйымдастырған «E-museum» веб-порталына мәліметтерді енгізу бойынша семинарға “Ботай” музей-қорығының қор сақтаушысы Мақпал Серікбекқызы Альмаганбетова  қатысуда.

"E-museum" - бұл Қазақстанның музей қорларының бірыңғай мемлекеттік каталогы, онда мыңдаған экспонаттар туралы мәліметтер жиналады.

? Семинарда мамандар жәдігерлерді веб-порталға енгізу, деректерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде толықтыруды үйреніп, тәжірибе алмасуда.

? Бұл бастама Ботай мәдениетіндегі бірегей мұраларды әлемге таныстыруға және тарихымызды кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

 

Толығырақ...

«Тарих пен еңбек тоғысында»

«Ботай» музей-қорығы Саумалкөл ауылы, Айыртау ауданындағы Ақан Сері атындағы Мәдениет үйінде жұмысшы мамандықтарына арналған көрмеге шақырады.

Бағдарламада:

  • Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану музейінің экспозициясы
  • Ботай мәдениетінің еңбек құралдары
  • Ю.Б. Тихоновтың коллекциясынан Ботай мәдениетін бейнелейтін көркем шығармалар
    • Ежелгі ботайлықтардың өмірін көрсететін шеберлік сабақтары
  • Жергілікті білім беру орталықтарының балаларының шығармашылық жұмыстарының көрмесі

 

? Күні: 18 қыркүйек 2025 жыл

? Уақыты: 11:00

? Өтетін орны: СКО, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ақан Сері атындағы Мәдениет үйі

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"