foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ төрағасы С.М. Пономарёвпен кездесу

13 қараша күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының директоры Сабина Каримовна  Амирова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Сергей Михайлович Пономарёвпен кездесті. Депутаттың жұмыс сапары 12–15 қараша күндері Солтүстік Қазақстан облысында өтуде.

Кездесу барысында тараптар Петропавл қаласындағы Абылай хан Резиденциясына барып, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, насихаттау және мәдени-ағартушылық жобалар аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу жемісті әрі мазмұнды өтті. Тараптар тарихи туризмді дамыту мен мәдениеттер арасындағы сұхбатты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

«Ботай» музей-қорығындағы музейлік сабақ

Бүгін «Ботай» музей-қорығының экспозициялық залында «Жас археолог» үйірмесінің қатысушыларына «Ботай мәдениетінің еңбек құралдары» айлығына орай музейлік сабақ өткізілді.

Сабақ барысында балалар ежелгі ботайлықтардың тұрмыста, аңшылықта және шаруашылықта қолданған құрал-саймандарымен танысып, олардың жасалу тәсілдері мен маңызын білді.

? Қатысушылар көне еңбек құралдарын қазіргі заманғы ұқсас бұйымдармен салыстырып, танымдық ойындарға қатысты.

Толығырақ...

«Ботай. Дала өркениетінің бастауында»

2025 жылғы 12 қараша күні Ботай музей-қорығы мәдени инклюзияны дамыту акциясы аясында Айыртау ауданының Айыртау әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Ботай. Дала өркениетінің бастауында» атты көшпелі көрме мен музейлік шара ұйымдастырды.

 

Акция шеңберінде шеберлік сабақтары өткізіліп, қысқаша бейнероликтер ұсынылды және ботай мәдениеті туралы танымдық дәріс оқылды. Тыңдаушыларға Ботай мәдениетінің зерттелу тарихы мен жаңалықтарын қамтыған бейнефильм көрсетіліп, мұражайландыру бағытындағы жұмыстар жөнінде презентация таныстырылды.

Толығырақ...

Жас археолог

2025 жылғы 6 қараша күні Петропавл қаласында «Жас тарихшылар көзімен – Қазақстан өңірлерінің тарихы, мәдениеті және даму болашағы» атты жас тарихшылардың өңіраралық конференциясы өтті.

         Конференцияға Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы «Саумалкөл орта мектебі №1» КММ-нің оқушылары қатысты. Олар – Ботай музей-қорығы жанындағы «Жас археолог» клубының мүшелері.

         Аталмыш іс-шарада намысын  қорғаған Жақсыбаева Томирис пен Торғаева Даяна, сондай-ақ Фатиади Варвара мен Залевская Янина өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын сәтті қорғап, ІІ орын иеленді.

         Жас зерттеушілер туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне арналған зерттеу жұмыстарын ұсынып, жоғары дайындық деңгейін, талдау қабілетін және Қазақстан тарихына деген қызығушылығын көрсетті.

https://www.facebook.com/share/r/17Sr5rZnWV/

«Палеометалл дәуірінде тас шикізатын пайдалану»

2025 жылдың 5-8 қараша күні Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласы Ресей Ғылым академиясы Материалдық мәдениет тарихы институтында «Палеометалл дәуірінде тас шикізатын пайдалану» халықаралық конференциясы өтті. Конференция жұмысына Ботай музей қорығының ғылыми қызметкерлері онлайн баяндамалармен қатысты, конференция бағыты әр түрлі тақ бағытта оның ішіндегі ежелгі дәуірдегі тас құралдардың трассологиялық талдаулары жасалу техникасы, киелі мағынасы ашылды. Ескерте кететін жайт конференция жұмысы төрт күн қатарынан, әлемдік археология жаңа жаңалықтары соңғы жетістіктер жайлы сөз өрбіді. Ботай музей қорығы 2024 жылдан бастап Ресей Ғылым академиясы Материалдық мәдениет тарихы институтымен археологиялық зерттеулерге қатысты меморандумы бар, соның ішіндегі эксперминтальді лаборотория директоры тарих ғылымдарының кандидаты Скакун Наталия Николаевна Ботай мәдениетінің материалдарымен жақсы таныс, музей ғылымын, ғылыми мақалаларды жазу барысында әрдайым кеңес беріп отыр. Болашақта музеймен бірнеше жобаларды жоспарлап іске асырылады деген ойдамыз

Толығырақ...

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"