
Бүгінгі таңда «Ботай» музей-қорығында «Жас археолог» үйірмесі ұйымдастырылғанын жазған болатынбыз, үйірмесінің жетекшісі — Букенов Ерлан Жұмабекұлы.
2025 жылдың 6 қарашасында облыс орталығында жас ботайлар өздерінің алғашқы "жауынгерлік" сынақтарынан өтті – «Жас тарихшылардың көзімен Қазақстан өңірлерінің тарихы, мәдениеті және даму перспективалары» атты жас тарихшылардың II өңіраралық конференциясына қатысып, қазылар алқасына өздерінің зерттеу жобаларын ұсынды.
Балалар үйірмеде екінші ай ғана айналысатынын ескерсек, олардың нәтижелерін керемет деп санауға болады!
2 орын-Жақсылықова Томирис және Торғаева Даяна – «№ 1 Саумалкөл орта мектебі» КММ
2 орын-Фатиади Варвара, Залевская Янина – «№1 Саумалкөл орта мектебі» КММ.
А. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Солтүстік Қазақстан филиалы ұйымдастырған «Солтүстік Қазақстан археологиясы: жетістіктер мен келешегі» дөңгелек үстел өңірдің археологиялық мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау мәселелеріне арналды.
Бұл шараға «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қатысып, өз зерттеу нәтижелері мен музей қызметінің материалдарын ұсынды.
Іс-шара барысында 2023–2025 жылдардағы археологиялық зерттеу нәтижелері мен сол еңбектер бойынша жарық көрген кітаптар таныстырылды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты — археологтар, музей мамандары, ғылым, мәдениет және білім саласының өкілдері арасындағы тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті жүзеге асыратын BR24992951 «Сарыарқаның археологиялық мұрасы (тас дәуірінен орта ғасырға дейін)» атты жобасы аясында өтті.
Ботай мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жанындағы «Жас археолог» үйірмесінің қатысушысы Жақсылықова Томирис заманауи технологияларды тиімді пайдалана отырып, жасанды интеллекттің көмегімен «Ботай адамы» туралы бейнежоба дайындады.
Бұл жұмыс жас ұрпақтың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, ежелгі мәдени мұраны жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді.
Осындай ізденімпаз, шығармашыл жасөспірімдеріміз барда, ұлттық мұрамыздың болашағы жарқын!
31 қазан күні «Ботай» музей-қорығына «Колосок» балабақшасының кішкентай тәрбиеленушілері қонаққа келді.
Балалар ежелгі Ботай мәдениетінің сырларымен танысып, артефактілерді қызығушылықпен тамашалады.
Кішкентай жүздердегі қуаныш пен таңданыс – біздің ең үлкен марапатымыз.