
Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының суретші-реставраторы музей қорындағы жәдігерлерді қалпына келтірумен айналысып келеді. Ол керамикалық ыдыстарды реставрациялау, артефакттардың көшірмелерін жасау және керамика бойынша шеберлік сабақтарын өткізу арқылы тарихи мұраны келер ұрпаққа жеткізуге өз үлесін қосуда.
Бүгін Ботай мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жанындағы «Жас археолог» үйірмесінің қатысушылары керамикалық ыдыс жасаудың шеберлік сабағына қатысты. Балалар ежелгі ботайлықтардың қолданған тәсілдерін меңгеріп, саз балшықпен жұмыс істеудің қыр-сырын үйренді.
Шеберлік сабақ барысында үйірме мүшелері өз қолымен шағын ыдыс қалыптап, ежелгі шеберлердің еңбегін сезініп көрді. Мұндай сабақтар өскелең ұрпақтың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады.
«Ботай» музей қорығында энеолит дәуірінің куәгері болып табылатын әртүрлі экспонаттар бар, олардың ішінде қыш ыдыстар үлкен қызығушылық тудырады.
Бүгін сіздердің назарларыңызға Ботай қонысынан табылған қыш ыдыс сынықтарынан реконструкцияланған (қайта құрылған) қыш ылыс ұсынылған.. Ыдыстың түбі дөңгелек, өйткені түбі әрең байқалады, сондықтан бұйым тұрақсыз. Беті мұқият өңделген, кейбір керамикалық ыдыстардың бетінде әртүрлі ою-өрнектерді көруге болады , ою-өрнектің негізгі мотивтері толқынды және түзу сызықтар, тарақ, геометриялық фигуралар болды.
Ыдыс ас үй ыдысының бір түрі, оның бетіндегі көп мөлшердегі күйелерден, оны отқа тамақ пісіру үшін қолданғандығы байқалады. Сонымен қатар сүт, қымыз сақтау үшін де қолданған.
Достық үйінде мәжілісмен АНК СҚО құрылымдық бөлімшелері мен этномәдени орталықтарының өкілдерімен кездесті. Биылғы жылдың қазан айынан бастап Сергей Михайлович Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып табылады.
Кездесу барысында өңірдегі этносаралық келісімді нығайту, халықтардың мәдени дәстүрлерін сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар СҚО-ның тарихи-мәдени мұра нысандары, археологиялық зерттеулерді дамыту және музей ісін ілгерілету жайы сөз болды.
Бүгін, 14 қараша, «Ботай» музей-қорығы Лобаново ауылындағы «Зейнеп» көпсалалы жоғары колледжінде музейлік сабақ пен көрме ұйымдастырды.
Шара барысында студенттерге Ботай туралы деректі фильм, Ботай қонысындағы алғашқы қазба жұмыстары жөнінде мағлұмат және музейлендіру, ботайлық тұрғын үйлер туралы презентация ұсынылды.