
2024 жылдың 6 маусым күні "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Көкшетау қаласының Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде №18 мектеп оқушыларына Ботай мәдениеті жайлы дәріс пен көрме ұйымдастырды.
Ботай – тарихи орын! Мұнда 6 мың жыл бұрын асауға алғаш рет ауыздық салынды. Яғни, Қамбар ата төлдері қолға үйретілді. Бұл дерек ғылыми тұрғыда дәлелденгені баршамызға мәлім.
Аталмыш іс-шарада оқушыларға Ботай қонысын зерттелуі,тарихы және де құнды жәдігерлері жайлы деректер айтылды.
> >
2024 жылдың 5 маусымында №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы лагерьдің қатысушылары "Ботай"мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына экскурсияға келді .
Экскурсия да Ботай мәдениетінің ашылуы, тарихы және зерттеу жұмыстары жайында ақпараттармен бөлісті. Сондай ақ оқушылар назарына ботайлықтардың ежелгі тұрғын үйлерінің реконструкциясы, жабайы жылқыны қолға үйрету жөнінде мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ ботайлықтардың күнделікті тұрмыста қолданылған ежелгі құралдар,қару-жарақтар көрсетілді.
2024 жылдың 4 маусым күні «Ботай» музей-қорығында Айыртау ауданының өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне «Тарихтан туған рәміздер» тақырыбында тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия аясында музей қызметкерлері балаларды бұйымдарды өңдеудің ежелгі технологияларымен, құралдарымен таныстырды.
> >
Бүгін, 30 мамыр күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысының м.а. Санат Амангелдіұлы Әубәкіров келіп, «Ботай» музей-орығының экспозициялық залымен танысты.
«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жыл сайын студенттермен бірге археологиялық практикалық қазба жұмыстарын жүргізеді. Биылда Ботай қонысына Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Тарих, география және ӘГП» кафедрасы, 6В02201 "Ғылыми тарих", "Тарих және дінтану" мамандығының 1 курс студенттерінің археологиялық практикасы басталды.