foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Ботай түні»

18-мамыр Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей түні» акциясы аясында «Ботай түні» мерекелік іс-шарасы Саумалкөл ауылының тұрғындары мен қонақтарына 17 мамыр сағат 18.00 де «Инзадан» сауда әкімшілік орталығының алаңының алдында өтеді.

Сіздерге «Инзадан» аланыңда бірнеше нысан қатар жұмыс істейтін болады. Музей қонақтары мен келушілеріне театрландырылған шеберлік сабақтары көруге, сондай ақ өз қолдарымен көне бұйымдардың аналогын жасауға мүмкіндік алады,сонымен қатар қызықты экскурсия, викториналық сұрақтар, спорттық ойындар т.б. күтеді.

Келіңіздер!Көріңіздер!

Біз сіздерді күтеміз!

Республикалық сурет байқауы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 1-маусым балаларды қорғау күніне орай   Ботай мәдениеті жәдігерлерінің үздік көркем және семантикалық бейнесіне арналған республикалық суреттер байқауын ұйымдастырады.

Толығырақ...

«Ботай» қорық-мұражайына экскурсия

2024 жылдың 10 мамыр  күні   «Ботай» музей-қорығының қызметкерлері Алматы  қаласынан келген қонақтарға Ботай музей-қорығының экспозициялық залы бойынша экскурсия жүргізді. Қонақтар Солтүстік Қазақстан аумағында орналасқан ескерткіш – Ботай археологиялық мәдениетімен танысып, көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алды.

Даңқты еске алу кезеңдері

ҚР МАМ Мәдениет комитетінің "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай (1941-1945 жж.), "Ботай" музей-қорығы қызметкерлерінің аға буыны – аталарына арналған "естелік пен даңқ кезеңдері" тақырыбында бейнеролик түсірді.

Бейнероликтің мақсаты (бейне дайджест түрінде): - Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарды құрметтеу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Видеодайджесттің міндеттері: аға буын өкілдерінің есімдері туралы қысқаша ақпаратпен бөлісу, ерліктерінің орындарын қысқаша көрсету, жастардың тарихты білуі және есте сақтауы, аға буын жасаған ерліктері үшін ризашылық сезімін сезінуі үшін аталар мен арғы аталардың фотосуреттерін көрсету.

Ботай мәдениетінің жәдігерлеріне саяхат

2023 жылдың 6 мамыр күні 7 мамыр- Отан қорғаушылар күні қарсаңында  -  Саумалкөл ауылында орналасқан №5510 әскери бөлімнің қатардағы құрамының әскери қызметшілеріне "Ботай" музей-қорығының экспозициялық залы бойынша тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.

Тақырыптық экскурсияның ұйымдастыру мақсаты – сарбаздарға  ежелгі адамдардың кәсібін, тұрмыс тіршілігін сипаттау.
Экскурсия барысында музей қызметкерлері  Ботай мәдениетінің ашылуы, тарихы және зерттеу жұмыстары жайында ақпараттармен бөлісті. Сондай - ақ сарбаздар назарына ботайлықтардың ежелгі тұрғын үйлерінің реконструкциясы, жабайы жылқыны қолға үйрету жөнінде, табылған қыш ыдыстардың сынықтары жайында мәлеметтер ұсынылды. Экскурсияда оқушылар ботайлықтардың күнделікті тұрмыста қолданылған ежелгі құралдар,қару-жарақтарын көз бе көз көріп, керемет әсер алды.

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"