
2024 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығымен онлайн форматта " ZOOM "платформасында 25 қазан-Қазақстан Республикасы күніне арналған" Ботай мәдениетінің әлемдік өркениетті дамытуға қосқан үлесі "тақырыбында халықаралық ғылыми – практикалық конференция өткізілді.
2024 жылдың 23 қазан күні – «Ботай» мемлекетті тарихи-мәдени музей-қорығы 25 Қазан - Республика күніне орай "Ұлы Даланың ежелгі дәуірлерінен Қазақстан Республикасының қазіргі тарихына дейін" тақырыбында Саумалкөл қазақ орта мектебінде көрме ұйымдастырды.
2024 жылдың 22 қазан күні «Ботай» музей-қорығына СҚО, Шал ақын ауданының Сергеевка ауылының мектеп оқушылары мен мұғалімдері келді.
Келген қонақтарға музей-қорықтың экспозициялық залы мен Ботай қонысында тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушыларға Ботай мәдениеті жайлы, оның зерттелу тарихы, сонымен қатар энеолит дәуірінен сақталып қалған жәдігерлер мен қайта құрылған ботайлықтардың тұрғын үйлері жайлы ақпараттар берілді.
> >
«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында 2022 жылдан бастап «Жас археолог» үйірмесі жұмыс істеп келеді.
Үйірме – оқушылардың білімін жетілдіруді, азаматтық-патриоттыққа, еліміздің өткен тарихын, мәдени құндылықтарын сақтай білуді және құрметтеуді үйретеді.
Бүгін, 2024 жылғы 24 қыркүйек күні «Ботай» музей-қорығының «Жас археолог» үйірмесі аясында музей қызметкерлері Айыртау ауылының орта мектебінің оқушыларына «Ертедегі еңбек құралдары» тақырыбында дәріс пен көрме ұйымдастырды.
Жас археологтар археология саласы бойынша теориялық білімдерін жетілдіре отырып, сабақ барысында ескерткіштерді табуды, сипаттауды үйренуде, сонымен қатар Ботай қонысынан табылған жәдігерлермен танысты.
> >
2024 жылдың 17-19 қыркүйек күндері Башқұртстан Республикасы, Уфа қаласында "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Шақшақов Қуаныш Ғибадатұлы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы: мәдениеттердің ортақ құндылықтары мен алуан түрлілігі" XVII шығармашылық және ғылыми зиялылар форумының аясындағы «Достастық елдерінің шығармашылық инновациялары мен ұлттық мәдени дәстүрлері» пікірталас алаңында "Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын мұражайландыру" тақырыбында баяндама оқыды.
> >