foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Аудан әкімінің жұмыс сапары

Бүгін, 2024 жылдың 15 қараша күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына жұмыс сапарымен, Айыртау ауданының әкімі Мейрам Жақсылықұлы Меңдыбаев келді.
Мейрам Жақсылықұлы музей тынысымен, музейдің экспозициялық залымен, болашақ "Визит-орталық" құрылысының жобасымен, музей-қорықтың дамуымен танысты.
Аудан әкімі Ботай қонысындағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлерді үлкен қызығушылықпен қарап, қызықты ақпарат алды.

Ерте еңбек құралдары

Бүгін, 2024 жылдың 7 қарашасында  «Ботай» музей-қорығының қызметкерлері  Айыртау ауданының аудандық кітапханасында  "Ерте еңбек құралдары" көрмесін ұйымдастырды.  Іс-шараға Саумалкөл ауылының мектеп оқушылары қатысты.

Толығырақ...

Жас дәурен

Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру лагері" КММ-нің балалары үшін «Ботай» музей-қорығы оқушылардың  күзгі демалыс  уақытында Ботай мәдениетіне арналған  бірнеше тарихи танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.

Жас дәурен

2024 жылғы 29 қазанда Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру лагері" КММ-нің балалары үшін «Ботай» музей-қорығы оқушылардың күзгі демалыс уақытында Ботай мәдениетіне арналған бірнеше тарихи танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.
«Жас дәурен» лагеріндегі оқушыларға "Ботай" музей-қорығының қызметкерлері балаларға арнайы Ботай мәдениетінің ескерткіштері туралы дәрістер,археологиялық қазба жұмыстары жайлы деректер, бірегей жәдігерлер қойылған көрме ұсынды.

Толығырақ...

Шекарасыз мәдениет

2024 жылдың 13 қазаны мен 31 желтоқсан аралығында Қазақстанда «Шекарасыз мәдениет»  акциясы жарияланған болатын.

 Акцияның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мәдениет нысандарының қолжетімділігін арттыру, елдің мәдени өміріне қатысуын қамтамасыз ету және олардың проблемаларына қоғам назарын аудару.

Толығырақ...

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"