foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

18 наурыз – Ұлттық киім күні

Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. 

«Ботай»  мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 18 наурыз – «Ұлттық киім» күніне  «Ұлттық киім-халық қазынасы» тақырыбында шеру  ұйымдастырды.

 Іс-шараның мақсаты — қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту.

 

https://studio.youtube.com/video/atMrhLVg23M/edit

16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.

Бұл күн мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады.

         Мәдениет және Ұлттық салт-дәстүр күніне «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы»  «Көктемгі қымыз-Ботай дәмі» тақырыбында  емдік қасиеті бар сусын – қымызға арналған көрме қойылады.

         Барлық ниет білдірушілер музейдің тақырыптық экспонаттарын, емдік сусын дайындауға арналған құралдарды тамашалай алды, сондай-ақ ежелгі және қазіргі заманғы технологиялар бойынша дайындалған қымыз бен бие сүтінің дәмін татып көре алады.

         Көрме аясында  қымыздың пайда болу тарихымен, сусын дайындау технологиясымен, түрлерімен таныстырып, оның емдік қасиеттері туралы айтылды.

Толығырақ...

15 наурыз «Қайырымдылық күні»

Бұл күнді ел бойынша қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арнаймыз.

 

Қош келдің , әз Наурыз

Көрісу — Қазақстанның батыс өңірінде ғана сақталған қазақтың ежелгі дәстүрі.

Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-қолаңдар бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күнінде бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көршілер бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.

Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені "Көрісу" салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем беруге тиіс. Бір жастарың құтты болсын, ағайын!

https://fb.watch/yjJREqDUXV/

Антропология

2025 жылдың 10-21 ақпан күндері «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері Макеев М.С., Құттыбай М.М. Алматы қаласындағы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтына ғылыми-зерттеу сапарымен барды.

https://www.facebook.com/share/v/17XDqtcDEP/

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"