
Бүгін 2023 жылдың 23 қазан күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 25 қазан-Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу шеңберінде, сондай-ақ тәрбие, білім беру қызметі, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді дамыту мақсатында "Айыртау ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" КММ-де - "ұрпақтан-ұрпаққа" тақырыбында Ботай мәдениеті кабинетін ашылу салтанатын өткізді.
Солтүстік өңірдің ең көнесі әрі бірегейі республикалық маңызы бар «Ботай қонысы» археологиялық ескерткіші. Адамзат тарихында осыдан 6 мың жыл бұрын жылқыны алғаш қолға үйретіп, асауды ауыздықтап, ерттегендер — Қазақстан жеріндегі Ботай қонысын мекендеген тайпалар
Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Ботай қоныстарына байланысты аталған. Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген. Ауданы 20 гектардан астам жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған
Қоныстарды мекендеушілерде қыш ыдыстарын жасау ісі едәуір орын алды.
Ыдыстар шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Қыш ыдыстарға
салынған өрнектер негізінен алғанда үшбұрыштар, зигзагтар, шырша, балық,
тарақ сияқты оюлар мен сызықшалардан тұрды.