
2023 жылдың 7 тамыз күні Айыртау ауданы, Никольское ауылының жаңындағы Ботай қонысына арнайы Казань қаласынан (Татарстан) велосипедпен Валера есімді ютуб каналында ВелоВалера деп танылған велосипедші келді.
2023 жылғы 3 тамызда ҚР МСМ Мәдениет комитетінің "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК жүргізетін археологиялық қазбаларға Эксетер университетінің (оңтүстік-батыс Англия) профессоры Алан Оутрам келді. Ғалымның келу мақсаты-Ботай мәдениетін зерттеуге қосқан үлесі, атап айтқанда Ботай қонысы және Красный Яр археология ескерткішінен остеологиялық материалдарын (жануарлар сүйектерін) зерттеу.
2023 жылдың 21 шілде күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның қызметкерлері Ресейден (Омбы) келген қонақтар үшін Ботай музей-қорығының экспозициялық залы бойынша қонақтарға экскурсия ұйымдастырды.