foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Ботай – Ұлы дала мәдениеті» тақырыбында интеллектуалдық ойын

Петропавл қаласында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана базасында «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» тақырыбында интеллектуалдық ойын өтті.
Іс-шараны Ботай мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырып, жас ұрпақтың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру, Ботай мәдениетін насихаттау және оқушылардың білімін тереңдету мақсатында өткізілді.
Зияткерлік ойынға келесі білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты:
– №21 орта мектеп
– Эстетикалық тәрбие беретін мектеп-кешені №8
– «Лорд» мектеп-лицей-интернаты (дарынды балаларға арналған)
Қатысушылар Ботай мәдениеті, археология және Қазақстан тарихы бойынша білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты. Ойын барысында оқушылар өзара бәсекелесіп қана қоймай, тарихи танымдарын кеңейтіп, жаңа мәліметтер алды.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, тарихи санасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"