
Бүгін, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылында, «АMANAT» партиясы ғимаратында Ботай музей-қорығы бастамасымен маңызды халықаралық кездесу өтті.
Кездесуге Эксетер университеті профессоры, белгілі ғалым Алан Оутрам (Ұлыбритания) арнайы қатысып, Ботай мәдениетін зерттеудің өзекті мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында келесі бағыттар бойынша пікір алмасу жүргізілді:
- Ботай қонысында жылқыны қолға үйрету мәселесіне қатысты заманауи ғылыми көзқарастар;
- Аталған теорияға қарсы пікірлерге ғылыми негізде жауап беру жолдары;
- Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың алдағы бірлескен зерттеу жоспарлары;
- Ботай мәдениетін халықаралық ғылыми кеңістікте ілгерілету мәселелері.
Кездесуге сондай-ақ белгілі археолог, Талғат Мамиров қатысып, ғылыми тәжірибесімен бөлісті.
Тараптар болашақта ғылыми зерттеулерді бірлесіп жүргізу, деректер алмасу және халықаралық деңгейде ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша ғылым саласында халықаралық ынтымақтастық туралы меморандум әзірлеу жоспарлануда.
Бұл бастама Ботай мәдениетін зерттеуді жаңа деңгейге көтеріп, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын әлемдік ғылыми қауымдастыққа кеңінен танытуға мүмкіндік береді.