
6 сәуір күні Ұлттық музейдің кітапханасында маңызды ғылыми кездесу өтті.
Іс-шараны Ұлттық ғылыми музей ұйымдастырды. Кездесу барысында Ботай мәдениетін зерттеуші ғалым Алан Оутрам өз зерттеу нәтижелерін таныстырды.
Өз баяндамасында ол халықаралық жоғары рейтингті ғылыми журналдарда жарияланған мақалалары туралы айтып, Ботай мәдениетіне қатысты соңғы жаңалықтар мен ғылыми деректермен бөлісті.
Кездесуге Археология институтының, Ботай музей -қорығының қызметкерлері,Ботай мәдениетін зерттеуші ғалымдар және ұйымдастырушылар қатысты.
Осындай кездесулер ғылыми ынтымақтастықты нығайтып, Ұлы дала мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.